Бағыттың жалпы ұзындығы 30 шақырым.
Түркістан халықаралық әуежайына жаңа қоғамдық көлік бағыты іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан қаласындағы мәдени-рухани орталық аймағындағы «Керуен сарай» кешенінен Түркістан халықаралық әуежайына дейін №20 жаңа қалаішілік қоғамдық көлік бағыты ашылды. Бағыттың жалпы ұзындығы 30 шақырым. Жол жүру уақыты мен жүру жиілігі – 50 минутты құрайды. Тұрғындар үшін 70 теңге көлемінде қолжетімді жол жүру тарифі белгіленген.
Ұзындығы 8,5 метрді құрайтын заманауи автобустар электрондық билет жүйесімен, бақылау камераларымен, желдеткіш жүйесімен, сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орындармен, пандуспен жабдықталған.