ТҮРКІСТАН: Бәйдібек ауданына жаңа әкім сайланды

0
1 648

Ерлан Нұрмаханов жеңіске жетті.


ТҮРКІСТАН: Бәйдібек ауданына жаңа әкім сайланды

Түркістан облысында аудан әкімдерінің сайлауы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында алғаш рет аудан әкімдерінің сайлауы өтті. 5 қараша күні түйінделген бұл науқан «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1-бабының 2 тармағына сәйкес, Түркістан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 11 қыркүйектегі шешімі негізінде Бәйдібек, Созақ, Мақтаарал және Шардара аудандарында пилоттық режимде жүргізілді. Осы ретте, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жеңіс Мақұлбаевтың қатысуымен баспасөз жиыны ұйымдастырылып, сайлау қорытындысы жария болды.


Атап айтсақ, бұл күні Бәйдібек ауданында сайлаушылар тізіміне енген 28807 азаматтың 16729-ы таңдау жасап, Нұрмаханов Ерлан Заиыпұлы 9379 дауыспен жеңімпаз атанса, Көпешев Алмаз Шораұлы 2543 және Тазабеков Элдар Пернебекұлы 3846 дауыс жинаған.


Айта кетсек, сайлау қорытындысымен Бәйдібек ауданының әкімі болып сайланған Ерлан Нұрмаханов 1973 жылы туған және «ERNUR» корпорациясы» ЖШС директоры болып қызмет атқарып келген.