ТҮРКІСТАН: Бәйдібекте екі отбасыға көмек көрсетілді

0
537

Бір отбасының 6 айлық пәтерақысын төлеп берді.


ТҮРКІСТАН: Бәйдібекте екі отбасыға көмек көрсетілді

Бәйдібек ауданында әлеуметтік көмек сұрап келген екі отбасыға көмек көрсетілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Өткен аптада Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары, Әдеп жөнінде уәкіл Бағдатбек Жанғазиев жыл басында бекітілген жоспар кестесіне сәйкес Шаян ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында қабылдау өткізген. Сол қабылдауда мемлекеттік қызметшілермен қатар жеке азаматтарда болып, әлеуметтік жағдайларына байланысты көмек беруді өтінген.


Азаматтардың өтініштері бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде Шаян көпсалалы лицей мектебін 2003 жылғы бітірген түлектері бір отбасыға азық-түлік әперіп, екінші отбасының 6 айлық пәтерақысын төлеп берді. Аудан әкімінің орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Бағдатбек Жанғазиев көмек сұрап келген үш отбасының шаңырағына арнайы барып, жағдайымен танысты. Жомарт жандардың берген көмектерін тапсырып, өтінішінтерін қанағаттандырды.