ТҮРКІСТАН: Бәйдібекте үстел теннисінен турнир өтті

0
473

30 игі іс-шара жоспары бекітілген.


ТҮРКІСТАН: Бәйдібекте үстел теннисінен турнир өтті

Бәйдібек ауданы, Шаян ауылында «Спорт – жан серігі» атты үстел теннисінен жарыс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Биыл елімізде мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толып отыр. Бәйдібек ауданында кең көлемде атап өту мақсатында мәслихат аппаратымен 30 игі іс-шара жоспары бекітілген.


Бекітілген жоспарға сәйкес, Шаян ауылында «Спорт – жан серігі» атты үстел теннисінен аудандық жарыс өтті. Жарыстың ашылуына Бәйдібек ауданының мәслихат төрағасы Имангелді Түймебаев, аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев, ардагер спортшы Ағабек Атемов қатысты. Құттықтау тілектерін білдіріп, спортшыларға сәттілік тіледі.


Жарысқа 11 ауылдық округтен ересектер мен жасөспірімдер арасында жалпы 38 спортшы қатысты. Нәтижесінде ұлдар арасында І орынды Алғабас ауылдық округінен Санақ Дулат, ІІ орынды Мыңбұлақ ауылдық округінен Амангелді Әділмұрат, ІІІ орынды Жамбыл ауылдық округінен Жұмаш Нұрдәулет иеленді. Ал қыздар арасынан Шаяндықтар Бимырза Нұрай І орынды, ІІ орынды Рауанқызы Аида, ІІІ орынды ақбастаулық Махан Аружан жеңіп алды. Қатысқан спортшылардың ішінен Жамбыл ауылдық округінен Ойнар Айсұлу, Ағыбеттен Жүсіп Қарақат, Ақбастаудан Асқар Сағиұлы және Бөген ауылдық округінен Досалы Нұрбол үздік деп танылды. Жүлделі орындарды иеленген спортшыларға аудандық мәслихат төрағасының арнайы диплом, медаль және естелік сыйлықтары табыс етілді.