ТҮРКІСТАН: Бәйдібекте жүзу спортынан жарыс өтті

0
736

Жасөспірімдер мен ересектерден барлығы 50-ден аса спортшы қатысты.


ТҮРКІСТАН: Бәйдібекте жүзу спортынан жарыс өтті

Бәйдібек аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен суда жүзуден жарыс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бәйдібек аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Шаян ауылындағы Түркістан облыстық №3 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жабық жүзу бассейнінде суда жүзуден жарыс өтті. Жарыстың ашылу салтанатына қатысқан Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Айдос Қалтаев, Б.Саттарханов атындағы спорт мектеп-интернатының директоры Шадияр Қондыбаев пен спорт ардагері Ағабек Атемов және Түркістан облыстық №3 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Нұржан Қаңлыбаев құттықтау сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.


Жабық бассейнде суда жүзуден ауданда алғаш рет өткізіліп отырған жарысқа жасөспірімдер мен ересектерден барлығы 50-ден аса спортшы қатысты. Жас ерекшеліктеріне байланысты спортшылар үш топқа бөлініп, әр топтың өзіне қойылған талабы мен жүзу қашықтығы бойынша сайысқа түсіп бақтарын сынады. 7-12, 17-25 жас аралғындағы жасөспірімдер мен жастар арасындаөткен жарыста үздік нәтиже көрсеткен спортшыларға Бәйдібек аудандық жастар ресурстық орталығының атынан арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.Сонымен бірге 25-35 жас аралығындағы ересек спортшылар да өзара бәсекеге түсіп, жүлделерді сарапқа салды.


Бәйдібек ауданындағы аталған спорт мектебінің бассейні елге қызмет етіп жатыр. Аталған бассейнде 7-9 жас аралығындағы 90 оқушыға аптасына төрт рет 2 жаттықтырушы мен 4 нұсқаушы-құтқарушы жүзу спортынан дәріс беруде.