ТҮРКІСТАН: Бәйдібектегі заңсыз қазылған орлар қайта көміліп жатыр

0
647

Жер иелеріне айыппұлдар салынып, өндірілді.


ТҮРКІСТАН: Бәйдібектегі заңсыз қазылған орлар қайта көміліп жатыр

Бәйдібек ауданында жайылым, егістік жерлердің шекарасында заңсыз ор қазып қоршаған 13 жер иесі анықталған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бәйдібек ауданы аумағында 2021 жылдың көктем айларында ауыл шаруашылығы мақсатындағы, яғни жайылым, егістік жерлердің шекарасында заңсыз ор қазып қоршаған 13 жер иелері, жалпы 16 жер алқабы анықталған. Жалпы жер көлемі 3,2 мың гектар құрайды.


Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы мен Бәйдібек аудандық жер қатынастары бөлімі бірлесіп, Қазақстан Республикасының Жер және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстерінің талаптарына сәйкес заңсыз жер қазғандарға тексеру жүргізген болатын. Нәтижесінде 8 жер иелеріне айыппұлдар салынып, өндірілді. Жер пайдаланушылар тарапынан күз айында сол жерлерді қалпына келтіретіні жөнінде қолхат алынған.


Осы орайда 2021 жылдың қазан айының соңында ор қазған жер иеленушілер жерлерін көму және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді бастады.