ТҮРКІСТАН: Бәйдібектік кәсіпкер 40 отбасының балаларына оқу құралдарын сыйлады

0
652

Ауыл-аймаққа игілікті іс жасауды дәстүрге айналдырған.


ТҮРКІСТАН: Бәйдібектік кәсіпкер 40 отбасының балаларына оқу құралдарын сыйлады

Бәйдібек ауданының кәсіпкері 40 отбасының балаларына қуаныш сыйлады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Бәйдібек ауданының азаматы, кәсіпкер Марат Тәттібаев Қошқарата елді мекеніндегі Борлысай жалпы орта мектебінде оқитын көпбалалы және тұрмыс жағдайы төмен 40 отбасының балаларына арнап мектепке қажетті оқу құралдары мен пәндік кітаптарды сыйға тартты. Ұйымдастырушысы – Борлысай ауылдық округінің «Қошқарата Береке» қоғамдық қайырымдылық қоры.


Борлысай ауылдық округінде дүниеге келіп, қазіргі таңда Алматы қаласында тұратын жеке кәсіпкер Марат Тәттібаев өзі туып-өскен ауыл-аймаққа игілікті іс жасауды дәстүрге айналдырған.


Ол жыл сайын өзінің туған жері Борлысай ауылдық округіндегі көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға демеушілік жасап, көмек қолын созып, қолдау білдіріп келеді. Туған жерінен жырақта жүрсе де, Борлысай ауылдық округінің дамуына өз үлесін қосып отырған азаматқа жерлестерінің алғысы шексіз.