ТҮРКІСТАН: «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагері жұмысын бастады

0
227

Демалушылар 5 мезгіл ыстық тамақпен қамтылады.


ТҮРКІСТАН: «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагері жұмысын бастады

Сарыағашта «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Облыс аумағында балалардың жазғы демалысын пайдалы әрі қызықты өткізу мақсатында жазғы лагерьлер қызмет көрсетуде. Осы орайда, Сарыағашта тағы бір жазғы лагерь балалар үшін есігін айқара ашты.


«Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің маусымдық ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Арман Абдуллаев балаларға жазғы демалысты қызықты өткізуіне тіліктестігін білдірді.


«Балдаурен» балаларды сауықтыру орталығының маусымдық ашылуы құтты болсын! Балалар – біздің болашағымыз, ертеңіміз. Елдігіміздің тірегі де осы жастардың арасында өсіп келеді. Біз, ең алдымен, бүлдіршіндердің балалық шағының бақытты өтуіне мүмкіндік жасауымыз керек. Қадірлі балалар! Сендердің жақсы білім алып, жақсы демалыс өткізулерің үшін барлық жағдай жасап жатырмыз. Сендер тек мектепте озат қана емес, ата-аналарыңның, елдің мақтанышы болуларың керек. Мен сендерге сенемін! Жақсы демалыс болсын!», – деді аудан басшысы.


Салтанатты шара еліміздің Әнұранымен басталды. Балалар ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті.


Айта кетейік, аудан бойынша жазғы лагерьлерге 2100-ға жуық балаға жолдама беру жоспарлануда. Оның ішінде, аз қамтамасыз етілген отбасынан 1160, көпбалалы отбасынан 800, тұл жетім – 40, жартылай жетім – 50, үздік 150 оқушы бар. Жазғы маусымдық демалу ұзақтығы – 10 күн. 11 маусымынан бастап 23 тамызға дейін 7 ауысымды демалыс жоспарлануда.


Аталған орталықта балалар іс-шара жоспарына сәйкес демалады. Таңертең таңғы жаттығудан басталып, күні бойы түрлі үйірмелер, байқаулар, спорттық жарыстар, ойындар мен би кештері ұйымдастырылады. Сондай-ақ, демалушылар 5 мезгіл ыстық тамақпен қамтылады.