ТҮРКІСТАН: «Білім-инновация» лицейі үздік 11 білім ордасының қатарына енді

0
545

Жалпы олимпиадаға қатысқан 8 мың мектеп ішінде осы нәтижеге жету өте жақсы көрсеткіш.


ТҮРКІСТАН: «Білім-инновация» лицейі үздік 11 білім ордасының қатарына енді

«Білім-инновация» лицейі республикалық олимпиада нәтижесіне сәйкес еліміз бойынша үздік 11 білім ордасының қатарынан көрінді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Былтыр ғана Түркістанға қоныс тепкен «Білім-инновация» лицейінің әлеуеті артты. Республикалық олимпиада нәтижесіне сәйкес еліміз бойынша үздік 11 білім ордасының қатарынан көрінді. Жалпы олимпиадаға қатысқан 8 мың мектеп ішінде осы нәтижеге жету өте жақсы көрсеткіш. Аталған білім ұясы 2021 жылы 50-орын, 2022 жылы 31-орын алған болған. Ал былтыр 26-орынға көтерілген еді. Биыл бірден жоғары көрсеткіш көрсетіп, облыс мерейін үстем етті.


«Түркістан Білім-инновация» лицейі – 1992 жылы алғашқылардың бірі болып талапты оқушыларды қабылдаған білім ордасы. Күні бүгінге дейін лицей ғимараты Кентау қаласында орналасқан болатын. 2023 жылдың соңында сәні мен салтанаты келіскен жаңа лицей ғимараты Түркістан төрінде ашылды. Лицей ғимаратының ашылу салтанатына Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, облыс әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, оқушыларға сәттілік тілеген. Сондай-ақ 2023-2024 оқу жылынан бастап 31 жыл тек ер балаларды қабылдап келген лицей, дарынды қыз балаларға да тәлім беруді бастады.


Инновация-лицейінде оқушылар 7-сыныптан бастап білім алады. Ерекшелігі – ұлдар мен қыздар бөлек оқиды. Лицей жаратылыстану-математика бағытына басымдық береді. Физика, химия, биология, математика және информатика пәндері ағылшын тілінде өтеді. Оқушылар 4 тілді меңгеріп шығады.