ТҮРКІСТАН: Бір жылда 10 мыңға жуық тұрғын сапалы электр қуатымен қамтылған

0
558

Биыл 47 нысанның құрылысына бюджеттен 7,1 млрд. теңге қаралды.


ТҮРКІСТАН: Бір жылда 10 мыңға жуық тұрғын сапалы электр қуатымен қамтылған

Түркістан облысында бір жылда 10 мыңға жуық тұрғын сапалы электр қуатымен қамтылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жалғасып жатыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен ұл мәселе бақылауға алынып, арнайы жоспар бекітілген. 2022 жылы сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша 42 нысанның құрылысына бюджеттен 13,6 млрд. теңге қаралып, 42 елді мекен, 2 шағынаудан және 2 қосалқы станцияда құрылыс жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде, 12 елді мекендегі 8,8 мың тұрғын сапалы, үздіксіз электр қуатымен қамтылды.


Биыл 47 нысанның құрылысына бюджеттен 7,1 млрд. теңге қаралды. Жыл қорытындысымен 40 нысанның құрылысын аяқтап, 47 елді мекендегі 122,3 мың тұрғынды сапалы, үздіксіз электр қуатымен қамту жоспарлануда. Ал қалған 7 нысанның құрылысы 2024 жылға өтпелі.


Өткен жылы облыс аумағында жаңартылатын энергия көздері бойынша жалпы қуаты 228,6 МВт құрайтын 23 жоба іске асырылды.


2023-2024 жылдары облыс аумағында жалпы қуаты 90 МВт болатын 4 күн электр станциясы және қуаты 11,5 МВт болатын 5 шағын су электр станциясын салу жоспарлануда.