ТҮРКІСТАН: Бірінші сыныпқа 50 мыңнан астам оқушы қабылданды

0
1 036

Барлығы тексеруден өткізілген.


ТҮРКІСТАН: Бірінші сыныпқа 50 мыңнан астам оқушы қабылданды

Түркістан облысында биыл бірінші сыныпқа 51 954 оқушы қабылданды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысында биылғы жылы алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, бірінші сыныпқа қабылданған жалпы оқушы саны - 51 954. Ата-анасының өтінішімен олардың 40 пайызы, яғни, 20 844 оқушы кезекші топтарда білім ала бастады. Білім ұяларында барлық санитарлық талаптар қатаң сақталынған. Штаттық режимде жұмыс жасауға кіріскен мектептердің дайындығы толықтай тексеруден өткен.

Түркістан облысы бойынша адами әлеуетті дамыту басқармасының мәліметінше, жоспарға сай облыста 912 мектеп өз жұмысына кіріскен. Былтырғы оқу жылын 910 мектеп аяқтаған болса, биыл Ордабасы ауданынан 600 орындық 1 мектеп және Жетісай ауданынан 200 орындық 1 мектеп іске қосылды. Оның ішінде 164 мектеп штаттық режимде жұмыс істеп, 16 375 оқушыға білім беруде.

Жалпы, өңірдегі мектептерде бала саны 499 535-і құрайды. Аудандарға тиісті 4000 мың дана планшет «Bilim» тарифтегі симкартасымен бірге, құжаттары рәсімделіп, ертеңнен бастап аудандарға жөнелтіледі. Бұл техникалар, ең алдымен әлеуметтік осал топтағы отбасы оқушылары, көпбалалы отбасы және аз қамтамасыз етілген отбасы оқушыларына берілетін болады. Жалпы келісім шартта көрсетілген мерзімде барлық техникалар уақытында жеткізілу жайы қатаң қадағалауға алынған.