Түркістан болысында мыңнан астам нысан карантин талаптарын бұзған

0
837

5 АЕК және  100 АЕК есебінде айыппұл салыныпты.


Түркістан болысында мыңнан астам нысан карантин талаптарын бұзған

Өмірзақ Шөкеевтің басшылығымен лездемелік мәжіліс өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін Түркістан облысы әкімінің басшылығымен өткен лездемелік жиында өңірдегі коронавирусқа қарсы атқарылып жатқан іс-шаралар баяндалды.

Атап айтсақ, карантин режимі кезінде қызметін жүзеге асыратын нысандарға тексерулер жүргізу алгоритміне сәйкес Түркістан облысы аумағында 71 топ жасақталған. Олар 6229 нысанды араланып, карантин талаптарын бұзған - 1269 нысанға ескерту актілері берілген. Ескерту актілері берілгенімен, карантин талаптарын қайта бұзған 67 нысанға әкімшілік құқық бұзушылық хаттама толтырылған. Оның ішінде 45-і жергілікті атқарушы сот органдарына жолданып, соттың шешімімен 2 жеке тұлғаға 5 АЕК және 2 жеке кәсіпкерге 100 АЕК есебінде айыппұл салыныпты.

Сондай-ақ, облыс аумағында коронавирустық инфекциясымен күрес жұмыстарының барысы қарастырылған аппарат мәжілісінде Мақтаарал және Төле би аудандарындағы төтенше жағдайдың салдарын жою жұмыстары мен осал топтағы азаматтарға көрсетіліп отырған әлеуметтік қолдау жұмыстарының барысы туралы да баяндалды.

Өз кезегінде аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев аталған жұмыстардың жүзеге асуына аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларының тікелей жауапты екендіктерін ескертті.