Бағдарлама әл-ауқатты қоғамды бірге құруға бағытталған.
«Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Шаулиев Нұржан Бүрлібайұлы Бірлік және Жаңатіршілік ауылы тұрғындарының үйінде қонақта болды.
Ата-бабаларымыз «батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» деген сөзді текке айтпаған болар. Бүгін «Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Шаулиев Нұржан Бүрлібайұлы Бірлік және Жаңатіршілік ауылы тұрғындарының үйінде қонақта болып, дастархан басында партия тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар халықтың көз алдында ашық жүріп жатқанын жеткізді. Сонымен қатар, сайлауалды бағдарламаның халық үшін тиімді, экономика мен өңірлердің орнықты дамуы үшін барлық мүмкіндігі бар әл-ауқатты қоғамды бірге құруға бағытталғаныны жайлы мағлұмат беріп, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының 7 бағытын егжей-тегжейлі түсіндірді.
Сондай-ақ, қонақжай ауылдың, қаймана қазақтың әр шаңырағының отағасы үміткер Н.Шаулиевке бүгінгі таңға дейін ауданда халық үшін бірден-бір қызмет етіп келген, халықтың қолдауына ие болған «Nur Otan» партиясына дауыс беретіндерін айтып, аталық ақ баталарын беріп, алдағы сайлауда сәттілік тіледі.
«Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалының Сайлау қорынан төленді