ТҮРКІСТАН: Елбасының мектебі мақтааралдық оқушыларға сыйлық жасады

0
1 246

700-ден аса мектеп формасы мен 36 компьютер сыйлады.


ТҮРКІСТАН: Елбасының мектебі мақтааралдық оқушыларға сыйлық жасады

Н.Назарбаев зияткерлік мектебі Мақтаарал оқушыларына сыйлық жасады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы су басқан Өргебас және Жеңіс ауылдарының оқушылары жаңа оқу жылына толықтай дайын. Өйткені, Н.Назарбаев зияткерлік мектебі оқушыларды мектеп формаларымен толықтай қамтамасыз етіп, дербес компьютерлерді сыйға берді.

Атап айтқанда, Елбасының мектебі Өргебас ауылындағы Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы орта мектепке 289 мектеп формасын және Жеңіс ауылындағы Қ.Мүсірепов атындағы №20 жалпы орта мектепке 430 мектеп формасын тарту етті. Сондай-ақ, қос мектептің әрбіріне 18 компьютерден сыйлады.

Аталған қайырымдылық керуенін бастап келген "Назарбаев зияткерлік мектептері" ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шамшидинова аталған қос мектептен елімізге қызмет ететін үлкен азамттар шығатынына сенетінін атап өтті. Сондай-ақ, іс-шара барысында аудан әкімі Бақыт Асанов еліміздегі ең беделге ие мектеп басшылығына аудан тұрғындары атынан алғыс білдірді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта өңірдегі білім беру мекемелері қашықтықтан оқыту жүйесіне дайындалып жатыр.