ТҮРКІСТАН: Ең жас депутаттыққа үміткер үгіт-насихат жұмыстарын бастады

0
1 740

«Jas Otan» Жастар Қанатының белсенділері мен еріктілері кандидатқа қолдау білдірді.


ТҮРКІСТАН: Ең жас депутаттыққа үміткер үгіт-насихат жұмыстарын бастады

Келестік депутаттыққа үміткер сайлауалды бағдарламасын таныстырып жатыр.

Мұхтар Әбдімәлік «Nur Otan» партиясынан Келес аудандық мәслихатының депутаттығына ең жас үміткер ретінде тіркелген.

Ол «Ұшқын» ауылдық округіне қарасты «Ұшқын» ауылында үйме-үй аралап жүріп, сайлаушыларға «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, партияның алға қойған мақсаты мен атқарар істері жайлы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ, Келес ауданының «Jas Otan» Жастар Қанатының белсенділері мен еріктілері кандидатқа қолдау білдіріп, сайлаушыларға партияның сайлау қорының қаржысына дайындалған үгіт-насихат материалдарын үлестірді.

«Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалының баспасөз қызметі

«Nur Otan» партиясы Түркістан облысы Келес ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді