ТҮРКІСТАН: «Этномәдени сауаттылық және БАҚ-тағы этносаралық қатынастарды жариялау» бағдарламасы жалғасып жатыр

0
99

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған практикалық ұсынымдарға арналды.


ТҮРКІСТАН: «Этномәдени сауаттылық және БАҚ-тағы этносаралық қатынастарды жариялау» бағдарламасы жалғасып жатыр

Астанада «Этномәдени сауаттылық және БАҚ-тағы этносаралық қатынастарды жариялау» атты білім беру бағдарламасы жалғасуда. Оған Түркістан облысының өкілдері де қатысып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


17 қыркүйекте Достық үйінде модульдің төртінші күні өтті. Қатысушылар «Журналистика призмасы арқылы этносаралық қатынастар» тақырыбындағы тренингке қатысты. Ол бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған практикалық ұсынымдарға арналды.


Спикерлер ретінде Мұхтар Күлжан – ҚР Президенті Әкімшілігі жанындағы ҚХА Хатшылығының инспекторы, Әсел Артакшинова – «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары сөз сөйледі.


Сарапшылар этносаралық тақырыптарды жариялаудағы дұрыс тәсілдер, қазіргі медиакеңістіктегі сын-қатерлер және БАҚ-қа деген сенімді нығайту туралы айтты. Сондай-ақ объективті ақпараттық кеңістік қалыптастырудың және қоғамдық келісімге ықпал етудің маңызы талқыланды.


Тренингке қатысушылар – ҚХА Журналистер клубының мүшелері, этноБАҚ редакторлары мен өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз хатшылары – тақырыптың өзектілігін және цифрлық трансформация жағдайында кәсіби тәжірибе алмасу мүмкіндігін атап өтті.


Еске салсақ, бағдарлама 2025 жылдың 15–18 қыркүйегі аралығында Астанада өтуде.


Ұйымдастырушылар: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы ҚХА кафедрасы, «Қоғамдық келісім» РММ және ҚХА кафедраларының «Шаңырақ» қауымдастығы.

Бөлісу