ТҮРКІСТАН: Этнос жастары арасында сурет салу байқауы өтті

0
1 373

Жас суретшілер ұлттық салт-дәстүр мен бірлікті, сыйластықты бейнелейтін суреттерді қағаз бетіне түсірді.


ТҮРКІСТАН: Этнос жастары арасында сурет салу байқауы өтті

Түркістандық түрлі этнос жастары сурет салу байқауында отаншылдық пен бірлікті дәріптеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін Түркістан қаласында этнос жастары арасында патриотизм, бірлік пен келісімді насихаттау мақсатында «Туған елім — Қазақстаным» атты ұлттық образ бейнелері бойынша сурет салу байқауы ұйымдастырылды.


Аталған байқау облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-сінің ұйытқы болуымен және Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжінің қолдауымен өткізілді. Байқауда 15-ке жуық жас бақ сынады. Ашылу салтанатында сөз алған Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Ерназар Баетов және Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжінің директоры Айдос Абпазов сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 21 қазанда Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысында этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру жөніндегі тапсырмасы аясында, «Балалар жылы» шеңберінде өткен байқау жас таланттарды танытты.


Сайыс барысында жас суретшілер ұлттық салт-дәстүр мен бірлікті, сыйластықты бейнелейтін суреттерді қағаз бетіне түсірді. Жастардың туындыларын Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжінің бөлім меңгерушісі Кулжан Омарбаева бастаған қазылар алқасы бағалады.


Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен І орынға Назым Әбдіманап лайық деп танылды. II орынды Севинич Рахимова мен Насиба Каримова, ал ІІІ орынды Барчинай Зуриева, Мадина Пернебай және Нұрай Қуандық иеленді.


Жүлдегерлер мен жарысқа белсене қатысқан жас суретшілер арнайы марапатталды. Оларға «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Э.Жанғазиеваның Алғыс хаты табыс етілді.