Сауран ауданында биыл 49 индикаторға қол жеткізу жоспарланған.
“Amanat” партиясы Түркістан облыстық филиалында кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі кеңестің отырысы өтті, деп хабарлайды QULAGER.KZ.
Бүгін “Amanat” партиясы Түркістан облыстық филиалында облыстық мәслихат депутаты, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі кеңестің жетекшісі Ғани Райымбеков кеңес отырысын өткізді. Кеңесте партияның Сайлауалды бағдарламасын орындау шеңберінде агроөнеркәсіптік кешенде инвестициялық жобаларды іске асыру, ауыл шаруашылығын дамыту, кәсіпкерлікті қолдау бағыттарында Сауран және Ордабасы аудандарында атқарылып жатқан жұмыстары тыңдалды.
- Ауыл – қазақтың жаны, рухани тірегі екенін айтты, ауыл шаруашылығын дамыту тек экономикалық мәселе ғана емес, ол азаматтардың тұрмыс сапасын көтерумен ұштасып жатқан ұлттық мәселе. Түркістан облысы үшін ауыл шаруашылығы экономиканың басқа салаларына серпін беретін негізгі сала екеніне тоқталып, елімізді сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етуші аймақ, нарыққа экологиялық таза өнім шығаратын берекелі өлке,-деді Ғани Ахылбекұлы.
Сауран ауданында биыл 49 индикаторға қол жеткізу жоспарланған. Межеленген жұмыстардың ішінде 24 тармақ толығымен орындалғанын, қалған тармақтары жыл соңына дейін атқарылатыны мәлім болды. Ал, Ордабасы ауданы бойынша партияның Сайлауалды бағдарламасы шеңберінде жалпы 58 іс-шара жоспарланса, соның 48 іс-шарасын атқару 2025 жылы көзделгені айтылды. Бүгінге дейін кешенді жоспардың 20 тармағы толықтай іске асқанын, қалған тармақтарының орындалуы жыл соңына дейін жалғаспақ.
Партия бекіткен жоспардың «Азаматтардың табысын арттыру» бағытында 5 бастама, 27 іс-шара қамтылғанын айта отырып, ауыл шаруашылығы саласында атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды. Осы сала бойынша айқындалған 12 іс-шараның төртеуі толық іске асырылғанын мәлімдеді.