​ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА САЙЛАУ УЧАСКЕСІНДЕ «АКВАГРИМ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

0
37


​ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА САЙЛАУ УЧАСКЕСІНДЕ «АКВАГРИМ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

ERNUR.KZ. Құрылтай сайлауына орай Түркістан қаласындағы №105 сайлау учаскесінің маңында тұрғындар үшін «Аквагрим» акциясы ұйымдастырылды.


Іс-шара барысында балалардың бетіне түрлі бейнелер мен ұлттық нақыштағы өрнектер салынды. Отбасымен бірге сайлауға келген бүлдіршіндер үшін бұл бастама ерекше көңіл-күй сыйлап, сайлау күнін есте қаларлықтай етті.

Мұндай мәдени-шығармашылық шаралар сайлау күнінің мазмұнын толықтырып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Айта кетейік, Түркістан қаласында 68 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Қала бойынша 136 602 сайлаушы тіркелген.