Қала әкімі тиісті мекемелерге ескерту жасады.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Түркі елінің астанасы болып табылатын Түркістан қаласының тазалығын сақтауға қала әкімі тапсырма берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаевтың төрағалығымен өткен кезекті мәжілісте мәлім болды. Аталған мәжілісте бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Онда қаланың жаңа құрылысы, мемлекет қажеттілігіне алынатын нысандар бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, қаланың инфрақұрылым жүйелерімен жалпы тазалығы туралы кеңінен талқыланды.
Жиын барысында қала әкімі сенбілік, абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары бойынша тұрақты жұмыстар жүргізу керектігі айтып, өз кезегінде қала тазалығының сын көтермейтіндігі туралы жауапты мекемелерге ескертті.
Осыған орай, «Тазалық-Жарық» мекемесіндегі қажетті техникалардың қатарын және жұмысшы күшін көбейтуді тапсырып, көктемгі сенбілік жұмыстарына қаладағы барлық мекемелердің жауапкершілікпен қарауын пысықтады. Алдымен қаланы жасыл желекке айналдыру үшін суландыру жүйесін жолға қою қажеттілігі айтты.
Сенбілік барысында орталық көшелердегі сауда нүктелері мен үйлердің қасбеттерін біркелкі сәулеттік үлгіге келтіруді тапсырып, алдағы Наурыз мерекесіне орай «Этно ауыл» аймағындағы ұлттық нақыштағы келбетті қайта түрлендіруді керектігін тапсырды.