Түркістан қаласының жаңа прокуроры таныстырылды

0
1 109

Заңсыздықтардың жолын кесуде бірқатар жетістіктерге қол жеткізген.


Түркістан қаласының жаңа прокуроры таныстырылды

Түркістан облысының Бас прокуроры Түркістан қаласының жаңа прокурорын таныстырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының Бас прокуроры Мұрат Әжінұрұлы Тілеубердиев Түркістан қаласының жаңа прокурорын таныстырды. Қалалық прокуратураға енді Каукен Бақтыбайұлы Нәрікбаев жетекшілік етеді.


Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков туралықты ту еткен прокуратура қызметкерлерінің қаламызда қоғамдық тәртіптің сақталуына сіңіріп жүрген еңбегіне тоқталып, әкімшілік пен прокуратураның бірлесе атқарған жұмысы қаланың құқықтық ахуалын жақсартуда, заңсыздықтардың жолын кесуде бірқатар жетістіктерге жеткізгенін атап өтті.


«Жаннұр Асқарбекұлының жетекшілігімен Түркістанда “Қауіпсіз қала” жобасы жүзеге асты. Шиеленіс картасы әзірленіп, бекітілген алгоритмнің бұлжымай орындалуының нәтижесінде қылмыс деңгейінің төмендеді. Қызметте адамгершілік деңгейді биік ұстай отырып, заң талаптарын қатаң сақтауды және қадағалауды, іскерлік пен ұйымшылдықты басты назарға қойғаны үшін қала тұрғындары атынан Жаннұр Асқарбекұлына алғысымды білдіремін! Бүгін қызметке кіріскен Каукен Бақытбайұлын құқық қорғау саласындағы кәсіптік білімі мен біліктілігі рухани астанамызды бірге дамытуда жаңа белестерге жеткізеді деп сенемін», - деді шаһар басшысы.


Мұрат Әжінұрұлы қос прокурордың жаңа қызметтеріне сәттілік тілеп, заңдылықтың сақталуын қадағалау бойынша нақты тапсырмалар белгілеп берді.