ТҮРКІСТАН: Карантинде жұмыссыз қалғандарға қолдау көрсетіліп жатыр

0
812

Азаматтар қиын кезеңде мемлекет тарапынан тағыда бір қолдау түріне ие болды.


ТҮРКІСТАН: Карантинде жұмыссыз қалғандарға қолдау көрсетіліп жатыр

Жұмыспен қамту жол картасы 2020-2021 жылдарға арналған бағдараламасы шеңберінде түлкібастық 70 азамат жұмыспен қамтамасыз етілген, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Елімізде карантин кезінде түрлі себептермен жұмыссыз қалған халыққа мемлекет арапынан жан-жақты қолдаулар күшейтілгені белгілі. Соның бірі – жұмыссыз қалған тұрғындарды уақытша жұмыспен қамту.

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020-2021 жылдарға арналған бағдараламасы» шеңберінде әлеуметтік, инженерлік-көлік инфрақұрылымын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, елді мекендерді абаттандыру бағыттары көзделген. Аталмыш мемлекеттік бағдарлама аясында бүгінгі таңда Түлкібас ауданында 6 жоба іске асырылуда. Олардың үшеуі мектептің күрделі жөндеу жұмыстары, алқалғаны инфрақұрылым және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту бағытында.

Аталған бағдарламаның бір ерекшелігі – жоғарыда аталған әр түрлі бағыттағы құрылыс жұмыстарына 133 азамат жұмылдырылса, соның 70-і аудан тұрғындарын болып отыр. Яғни, бағдарламаның тәртібіне сәйкес, жұмысшылардың 50 пайызы жергілікті тұрғындар болуы қажет. Бұл дегеніміз елімізде орын алған карантин режимі кезінде уақытша жұмыссыз қалған аудан тұрғындарына уақытша табыс көзінің пайда болуы. Осылайша аудан азаматтары қиын кезеңде мемлекет тарапынан тағыда бір қолдау түріне ие болды.