ТҮРКІСТАН: Карантиндік шектеулер жеңілдетілуі мүмкін

0
770

Демалыс күндеріне енгізілген шектеулерді алып тастау бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.


ТҮРКІСТАН: Карантиндік шектеулер жеңілдетілуі мүмкін

Түркістан облысында карантиндік шектеу шаралары жеңілдетілуі мүмкін, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы коронавирус індетінің таралу көрсеткіші бойынша жасыл аймақта орналасқан. Қазіргі таңда, облыс аумағында карантин режимін жеңілдету, демалыс күндеріне енгізілген шектеулерді алып тастау бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Нұрбек Нышанов мәлімдеді. Оның сөзінше, биыл жаңа оқу жылында мектептер дәстүрлі түрде жұмыс істейтіндіктен білім ұяларына карантиндік шектеу шаралары біршама күшейтілген.


«Мектепте жұмыс істейтін ұстаздар мен басқа да мамандар 100 пайыз екпе салдыруы тиіс. Одан бөлек, медициналық бетперде киіп жүру де міндеттеледі. Сондай-ақ, білім ұялары рециркулятор, санитайзер, тері антисептиктері, дезинфекциялау және жуу құралдарымен жеткілікті мөлшерде қамтылуы тиіс. Педагогтардың, персоналдардың және оқушылардың мектепке кірерде күнделікті байланыссыз термометрмен дене қызуын өлшеп отыруы керек. Мектепте бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады», – деді Н.Нышанов.