Қолөнершілер көшесін аралады.
Елбасы Түркістандағы «Этноауыл» кешенінде болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорығының аумағында орналасқан интерактивті этноауылға барып, қолөнершілер көшесін аралады. Қолөнершілер көшесінде ағаш ұсталарының, тоқымашылар мен киіз басушылардың, қыш бұйым жасайтын шеберлердің, зергерлердің, тас қашаушылардың 5 түрлі тақырыптық шеберханасы қамтылған. Нұрсұлтан Назарбаев этноауылдағы көшпенділер асханасын да тамашалады.