Бүгінде аудан бойынша 61 елді мекеннің ауыз сумен қамтылғаны 57-ге жетті.
Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бүгінде аудан бойынша 61 елді мекеннің ауыз сумен қамтылғаны 57-ге жетіп, қамту көрсеткіші 93,4 пайызды құрап отыр.
2021 жылы 341,3 млн. теңгеге 14 елді мекеннің ауыз су жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Шалғайда орналасқан, атап айтсақ, Амангелді, Ызабұлақ, Шанақ ауылдарына мемлекет тарапынан 222 млн. теңге бөлініп, ауыз су жүйелерінің құрылысы жүріп жатыр. Ол биыл пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң жалпы аудан бойынша 59 елді мекен ауыз сумен қамтылып, қамту көрсеткіші 96,7 пайызға жетеді.