Аталған деректер бойынша тиісті шаралар қолданылады.
Түркістан облысы Сарыағаш ауданында орналасқан «Қапланбек» кеден бекетінде заңсыз тауарларды алып өтпек болған Тәжікстан азаматы ұсталған, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ресейден Тәжікстанға бағытталған автокөліктен Түркістан облысы МКД және ҚР ҰҚК қызметкерлерімен бірлесе жүргізген бақылау, тексеру жұмыстары кезінде декларацияланбаған офистік техника тауар бары анықталған.
Нәтижесінде жалпы құны 5 млн теңгеге жуық компьютердің жинақтаушы бөліктері бар тауарлар тәркіленді. Аталған деректер бойынша тиісті шаралар қолданылады.