ТҮРКІСТАН: Кеденнен өтетін тауарларға ілеспе жүкқұжаттары рәсімделеді

0
622

Әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылмайды.


ТҮРКІСТАН: Кеденнен өтетін тауарларға ілеспе жүкқұжаттары рәсімделеді

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын рәсімдейтін пилоттық жоба іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


ҚР Қаржы министрлігінің жарлығына сәйкес, тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын рәсімдейтін пилоттық жоба іске қосылды. Тауарларға ілеспе құжаттар - сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін Еуразиялық экономикалық елдерімен тауарлардың экспорты мен импорты кезінде қажет болады. Бұл туралы бүгінге брифингте Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экспорттық бақылау басқармасының басшысы Ақмырза Табылдиев мәлімдеді.


«Жаңа жобаның артықшылығы автокөлік өткізу пункттерінде құжаттарды сканерлеу қажет болмайды. Бұл Еуразиялық экономикалық елдерімен шекарадан өту процесін жеделдетуге мүмкіндік тудырады. Пилоттық жоба 2023 жылдың 1 cәуірінен бастап тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын міндетті енгізуге кезең-кезеңімен жүргізілуде. Аталған құжаттарды рәсімдеу үшін халыққа қызмет көрсету орталығынан электронды цифрлы қолтанба алу керек. Одан соң, электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінде тіркеліп, электронды цифрлық қолтаңба көмегімен келісімге қол қою қажет», - деді Ақмырза Елшібекұлы.


Пилоттық жобаны жүргізу кезінде әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылмайды. Сондай-ақ, алтын өнімдерін қоспағанда, жеңіл автокөлік құралымен тауарлардың импорты және экспорты кезінде аталған құжаттаманы рәсімдеуге міндеттеме туындамайды.