Аз қамтылған отбасыларға арналған.
Келес ауданында аз қамтылған отбасыларға арналған қолдау орталығы ашылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысына қарастыКелес ауданында Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағадарламалар бөлімінің жанынан Әлеуметтік психологиялық сүйеумелдеу бөлімшесі іске қосылған болатын. Бөлімшеде заңгер, психологтар мен қатар әлеуметтік қызметкерлер аудан тұрғындарына сүйемелдеу қызметтерін көрсетеді.
Аталған қолдау орталығының жұмыс барысымен Түркістан облыстықжұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы, Асия Темірбаева арнайы танысып, жауапты мамандарға бірқатар ұсыныстарын жеткізді.
«Бұл орталықтың жұмысымен жіті таныспын. Қолдау орталығы бүгінгі таңда отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасыларға құқықтық, психологиялық тұрғыда және әлеуметтік көмек көрсету бойынша түрлі жұмыстар атқарып келеді. Мәліметтерге сәйкес жыл басынан бері орталықтың қызметіне 128 азаматжүгінген. Алдағы уақытта "Отбасын қолдау орталығы" бағдарламасына сәйкес аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету мақсатында “Қамқорлық” және “Бақытты отбасы” бағдарламалары біріктіріліп аудан тұрғындарына қызмет көрсету орталығын ашу жоспарлануда», - деді басқарма басшысы.
Сонымен қатар жаңа орталық, отбасындағы орын алып жатқан ұрыс-керістің алдын-алу,шаңырақ ынтымағын сақтау сондай-ақ түрлі жағдайда, қиындыққа ұшыраған отбасыларға қол ұшын созу мақсатында бой көтереді.