ТҮРКІСТАН: Келесте жаңа мектеп пайдалануға берілді

0
962

Нысанның жалпы ауданы 3313 шаршы метрді құрайды.


ТҮРКІСТАН: Келесте жаңа мектеп пайдалануға берілді

Келесте мектептің 300 орындық қосымша жаңа ғимараты пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында биыл жалпы мемлекет есебінен 33 мектептің құрылысы жүргізілуде. Қазіргі таңда осы 33 мектептің 7-і ел игілігіне тапсырылса, жыл соңына дейін 13 мектеп пайдалануға берілетін болады. Одан бөлек, 6 230 оқушыға шақталған 35 жекеменшік мектеп пайдалануға берілмек.


Осы ретте тәуелсіздік күні қарсаңында Келес ауданындағы №46 Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің 300 орындық қосымша жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Білім нысанының ашылу салтанатына Келес ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушысы Даурен Сариев арнайы қатысып, ұстаздар мен ата-аналарды құттықтады.


Аталған ғимарттың құрылысы 2021 жылы басталған болатын. Нысанның жалпы ауданы 3313 шаршы метрді құрайды. Білім ордасында қазіргі таңда 1092 оқушы білім алады. Оларға жүзден аса тәжірибелі ұстаздар сабақ беруде. Сонымен қатар, ауданда келер жылы «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында үш мектеп пайдалануға берілмек.