Мұндай игілікті іс алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Келес ауданының Бірлік ауылдық округінде 4 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
1 қазан – Қарттар күні мерекесі қарсаңында Келес ауданының Бірлік ауылдық округінде 4 отбасы баспаналы болды. Бұрынғы әкімдік ғимараты тұрғын үйге арналып жөндеуден өткізілді. Ол үйлердің кілті аудан әкімі, ауыл ақсақалдарының ұсынымымен ауылдық округі аумағында тұратын тұрмыс деңгейі төмен деп танылған 4 отбасыға табыс етілді.
Салтанатты шарада аудандық мәслихаттың хатшысы Арын Тотиков отбасыларға баспана кілттерін табыстап, жылы лебізін білдірді. Мұндай игілікті іс алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Сондай-ақ Келес ауданы әкімі атынан төрт отбасыға күнделікті тұрмыста қолданатын қажетті техникалар тарту етілді. Жаңа баспананың иелері аудан басшыларына алғыстарын айтып, табыс тіледі.