ТҮРКІСТАН: Келестік ауылдар бір-біріне көмек көрсетіп жатыр

0
516

Шөптен қиналған жерлестеріне қол ұшын созуда.


ТҮРКІСТАН: Келестік ауылдар бір-біріне көмек көрсетіп жатыр

Келес ауданының шаруалары шөптен қиналған жерлестеріне көмек көрсетіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Берекені мақсат тұтқан еліміз ешқашан қиын-қыстау кезеңде бір-біріне көмек беруден жалықпаған. Елбасының «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» деген қанатты сөзін жанына жалау еткен Келес ауданының Алпамыс батыр ауылдық округінің тұрғындары өңіріміздегі басым бөлігі мал шаруашылығымен айналысатын Бозай ауылдық округінің шаруаларына көмек ретінде 300-ге жуық нығыздалған шөп жіберуде.


«Жақсылыққа жаны құмар жандардың айтуынша, қиын сәтте бір-бірімізге қолдау көрсету — азаматтық парыз. «Қазір елімізде болып жатқан қуаңшылықта «малым жанымның садағасы» деп мал азығы үшін жанын шүберекке түйіп, шөптен таршылық көріп отырған бозайлықтарға жаны жомарт азаматтарымыздың қолдауымен аз да болса көмек ретінде мал азығын жіберудеміз», - дейді Алпамыс батыр ауылдық округінің әкімі Ерлан Әділханов.