ТҮРКІСТАН: Келестік екі отбасы баспаналы болды

0
863

Игі іске аудан депутаты мұрындық болған.


ТҮРКІСТАН: Келестік екі отбасы баспаналы болды

Келес ауданында аз қамтылған екі отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Келес-Абай» қайрымдылық қоры аз қамтылған екі отбасыға баспана сыйлады. Бұл үйлер «Келес-Абай» қайрымдылық қорының жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты Диас Абдиевтің бастамасымен және ауданның кәсіпкерлері мен тұрғындарының белссенділік танытуының арқасында салынған. Содан соң, «Келес-Абай» қайрымдылық қорының комиссия мүшелері осы 2 отбасыны мұқтаж деп танып, баспананы табыстады. Сыйға тартылған баспананың құрылысы осыдан төрт ай бұрын Біртілек ауылдық округінің орталығында басталған болатын.


«Қоғамда жақсы адамдар көп, жомарт жүректі жандар бар. Солардың көмегімен «Келес-Абай» қоғамдық қайырымдылық қоры екі отбасыға арнап үй тұрғызды. Бұл сәтте ананың жанарындағы қуаныштың көз жасына жүрегі бар адамдардың бәрі тебіренді. Алдағы уақытта осындай қайырымдылық шарасын тоқтатпай, Алла бұйыртса әлі талай мұқтаждарды баспанамен қамтымақпыз. Егер біз әрдайым ынтымағымызды, бірлігіміз бен жанашырлығымызды көрсете білсек, елде қиналған отбасы болмайтынына сенемін. Осы сәтті пайдалана отырып ауданымыздың әкімі Ақментай Үсенұлына ерекше алғыс айтқым келеді. Себебі осы жобаны бастарда ең алғашқылардың бірі болып қолдап, үй салу үшін қажетті жер телімін тауып, тегін беріп, үлкен демеу берді. Басшылықтың қайырымдылыққа қолдауы біз үшін үлкен ынта», - деді құттықтауы мен алғысын білдірген қайрымдылық қорының жетекшісі Диас Абдиев.