ТҮРКІСТАН: Келестік интеллектуалды жас мамандар сайысқа түсті

0
1 541

Сайысқа ауданда түрлі салада қызмет ететін жас мамандар қатысты.


ТҮРКІСТАН: Келестік интеллектуалды жас мамандар сайысқа түсті

Түркістан облысы, Келес ауданының жастары "Үздік көшбасшы-2019" атты интеллектуалды сайыста өз бақтарын сынады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған сайыс Келес ауданы "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен, Келес ауданы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Сайыс масқсаты жастардың алған білімдерін тереңдетіп, практикалық білімі, біліктілігі мен дағдыларын бағалап, жеке тұлғаның кәсіби біліктілігін арттыру, жұмысшылардың жұмысқа құштарлығын, таңдаған мамандығына қызығушылығын арттыру болып табылады.

"Үздік көшбасшы-2019" интеллектуалды сайысқа ауданда түрлі салада қызмет ететін жас мамандар арасында өткізілді.

Сайыстың қазылар алқасы Келес аудандық Nur Otan партиясы филиалының бірінші орынбасары А.Жұмабеков, Келес ауданы әкімінің орынбасары Алмас Икрамұлы, Келес ауданы ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысы Д.Илесовтер ойынға төрелік етті.

Сайыс барысында қатысушылар 4 кезең бойынша бақ сынасыты. Алғашқы сайыс - "Бәйге" сайысы. Онда жас мамандарға викториналық сұрақтар қойылып, әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан берілді. Ал, екінші кезең - "Дода" сайысы. Бұл кезең логикалық сұрақтардан тұрды.

Екі кезең бойынша әділ қазы алқалары ұпай сандарын есептеп, төмен ұпай жинаған үш қатысушы келесі кезеңге өте алмады.

Үшінші кезең - "Аламан" сайысы. Сайыта жас мамандарға ҚР заңдары бойынша сұрақтар қойылып, жауаптарына қарай 20-50 ұпай арасында бағаланды. Төртінші кезең - "Жорға" сайысы. Соңғы кезеңде жастарға салт-дәстүр, спорт, ұлы тұлғалар, мақал-мәтелдер бойынша сұрақтар қойылды.

Сайыс соңында әділ-қазы алқалары шешімі бойынша жүлделі үшінші орынды аудандық жер қатынастар бөлімінің маманы Самат Тайрахунов иеленсе, екінші орынды Келес ауданы әкімі аппаратының маманы Мұхамеджан Тұрғынов лайықты деп табылды. Ал, бірінші орынды аудандық құрылыс, сәулет және сәулет қала құрылыс бөлімінің маманы Абай Молдановтың қанжығасына байлады.

"Үздік көшбасшы-2019" интеллектуалды сайысының Бас жүлдесі аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы Жансая Махамбеталиеваға бұйырды.

Жарыс соңында сөз алған аудан басшысы Ақментай Есбаев қатысушыларға деген ыстық ықыласын жеткізіп, білімдерін шыңдауда осындай шаралар көптеп ұйымдастырылуы керектігі тілге тиек етті. Қатысушылардан оқ бойы озық шығып жүлделі орын алған қатысушыларға аудан әкімі атынан арнайы мадақтамалар мен сыйлықтар табысталды.