ТҮРКІСТАН: Келестік оқушы бес тілде еркін сөйлейді

0
371

Ол болашақта тіс дәрігері болғысы келеді.


ТҮРКІСТАН: Келестік оқушы бес тілде еркін сөйлейді

Келестік 15 жасар оқушы бес тілде еркін сөйлейді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданына қарасты №2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп гимназиясының 9-сынып оқушысы Айбек Құрбанов қазақ, орыс, ағылшын, өзбек, ұйғыр тілдерін еркін меңгерген. Айбектің дарыны тек тіл үйренуде ғана емес, ол сонымен қатар биология, химия сияқты ғылымдарға да қызығушылық танытады. Ол болашақта тіс дәрігері болғысы келеді.


«Қазіргі таңда көп тілді меңгеру - заман талабы. Бірнеше тілді үйренгісі келетін адамға қазір барлық мүмкіндік бар деп ойлаймын. Қазір ағылшын тілімді жетілдіріп жатырмын. Сөздіктермен жұмыс істеген ұнайды. Кітаптарды да көп оқимын»,- дейді дарынды бала.