ТҮРКІСТАН: Кентауда 50-ге жуық көше жөнделеді

0
500

Республикалық бюджеттен 87,2 млн. теңге қаржы қаралған.


ТҮРКІСТАН: Кентауда 50-ге жуық көше жөнделеді

Кентау қаласында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кентау қаласында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде. Биыл наурыз-сәуір айларында қаланың орталық 19 көшесіндегі 34,6 шақырым жолға шұңқырларды жамау, жаяу жүргіншілер өткелдерін жаңарту жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Қарнақ ауылындағы 10 көшеге орташа жөндеуге 87,2 млн.теңге республикалық бюджеттен қаржы қаралған. Бүгінгі таңда мердігер мекеме анықталып, келісім шарт құру жұмыстары жүргізілуде. Субвенция есебінен қаланың 7 көшесіндегі жалпы 3 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек.


2022 жылға мемлекеттік жекешелік әріптестік жобасы аясында мердігер мекеме «VIP Story Company» ЖШС-і 12,7 шақырымды құрайтын 29 көшені орташа жөндеуден өткізуі жоспарланып, жұмыстар атқарылуда.


Аталмыш мердігер мекеме тарапынан 2023 жылға жоспарланған 11,6 шақырымды құрайтын 19 көшені 2022 жылы өз қаражаты есебінен жөндеу жұмыстарын жүргізу межеленген. Жалпы, Кентауда жыл соңына дейін қала көшелерінің басым бөлігінде құрылыс жұмыстары жүргізіліп, асфальт төсеу жұмыстары іске асырылады.