ТҮРКІСТАН: Кентауда «IQala» жобасы іске қосылды

0
1 240

«Iqala» қала тұрғындарына қызметтерді онлайн алуға көмектеседі.


ТҮРКІСТАН: Кентауда «IQala» жобасы іске қосылды

«IQala» мемлекеттік жобасы Кентау қаласында алғашқы болып сәтті іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы бойынша «IQala» мемлекеттік жобасы Кентау қаласында алғашқы болып сәтті іске қосылды. Басты мақсат – «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында әзірленген Мемлекет басшысының «Ақылды қалалар» жүйесін енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау.


Атап өтсек, «Iqala» қала тұрғындарына қызметтерді онлайн алуға көмектеседі. Жоба тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының қызметтерін «бір терезе» қағидаты бойынша біріктіреді. Жеке және заңды тұлғалар үйден шықпай-ақ қызметке өтінім бере алады. Бұл бір реттік өтінішпен бірнеше қызмет алуға мүмкіндік береді. Құжаттар қысқа мерзімде тапсырылып, өтінімнің мәртебесін бақылау, құжаттарды сақтау секілді қызметтер цифрландырылады.


Қазіргі таңда қала тұрғындары мемлекеттік және мемлекеттік емес қызметтерді көрсететін: «Ащысай Су» МКК, «Энергопоток» ЖШС, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС, «Alemline» ЖШС, «Дидар-2030» (AlemTV) ЖШС мекемелерінің қызметтерін ikentau.kz интернет-порталы арқылы онлайн режимінде ала алады.