ТҮРКІСТАН: Кентауда «Көгалдандыру – көптің ісі» атты ағаш егу акциясы өтті

0
805

10000 ағаш отырғызу жоспарланған.


ТҮРКІСТАН: Кентауда «Көгалдандыру – көптің ісі» атты ағаш егу акциясы өтті

Кентау қаласында күзгі ағаш егу акциясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кентау қаласында күзгі тал егу акциясы ұйымдастырылды. Акцияның негізгі мақсаты – қаланы көркейту-көгалдандыру, келбетті жасыл желекке айналдыру. Осы мақсатта қала аймағына 3500 түп шырша, қаратал, өрік, туя талдары отырғызылды.


Қаланың көркеюіне бастайтын берекелі бастамаға Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов бастаған қаланың зиялы қауым өкілдері де қолдау көрсетіп, күзгі тал егу акциясына белсенді қатысты. Игі шараға қала әкімдігі аппараты, дербес бөлімдер мен мекеме қызметкерлері де өз үлестерін қосты. Ауқымды акцияға 230-ға жуық адам жұмылдырылды. Қала басшысы акцияның өтуіне мұрындық болған барша жандарға ризашылығын білдіріп, қаланы жасылдандыруға тұрғындардың да үлесі қажет екенін атап өтті.


Айта кетейік, биыл қалада күзгі уақытта 10000 тал отырғызу жоспарланған. Қазіргі таңға дейін 5800 тал егілді. Қалған талдарды орнықтыру желтоқсан айына дейін жүзеге асырылатын болады.