Кентау қаласында 4 227 алтынқұрсақты ана бар.
Кентаулық көпбалалы аналарға төсбелгілер табысталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов көпбалалы аналарды қабылдады. ҚР Президентінің Жарлығымен «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлеріне төсбелгілер табыстады. Шаһар басшысы өз сөзінде батыр аналарға еліміздің демографиясының дамуына үлес қосқандарына айрықша алғыс білдіріп, қоғамдағы ана мен баланың рөлі өте маңызды екенін атап өтті.
Айта кетейік, Кентау қаласында 4 227 алтынқұрсақты ана бар. Олардың 487-сі - «Алтын алқа», 1045-і - «Күміс алқа», 26-сы - «Батыр ана» төсбелгісінің иегерлері. Одан бөлек 49 ана І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» төсбелгісімен марапатталған.