ТҮРКІСТАН: Халық пен билікті жақындататын «ASHYQ TURKISTAN» жобасы енгізілді

0
1 378

Бұл жаңа жобаның негізгі мақсаты – қоғам мен кері байланыс орнату, билік пен халықтың арасын жақындату.


ТҮРКІСТАН: Халық пен билікті жақындататын «ASHYQ TURKISTAN» жобасы енгізілді

Бұл жоба «Түркістан - Адалдық алаңы» Жобалық кеңсесі аясында алғаш рет Бәйдібек ауданында енгізіліп отыр - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жаңа жобаның негізгі мақсаты – қоғам мен кері байланыс орнату, билік пен халықтың арасын жақындату. Осының бір дәлелі ретінде, бүгіннен бастап Бәйдібек ауданы Мыңбұлақ ауылдық округ әкімі Т.Дәрменбаев «Open Space» жобасы негізінде жоғарғы қабаттағы кең қызметтік бөлмесінен 1 қабатта орналасқан шағын, шыныдан жасалған кабинетке көшіп, өз жұмысын әрі қарай осы ашық кабинетте жалғастыратын болады. Олай дейтініміз, ашық кабинетте қабылдау бөлмесі болмайды, кез - келген тұрғынның әкімге тікелей кіруге мүмкіндігі бар.
Аталған Жоба аясында жасалып жатқан жұмыстармен арнайы барып танысқан Департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев әрі қарай Мыңбұлақ және Шаян ауылдық округтерінің қоғамдық қабылдауларына аудан әкімі Б.Танагозовпен бірге тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.
Айта кетсек, аталған Жоба аясында әр айдың үшінші жұмасы күні облыстағы барлық ауылдық округ әкімдіктерінде қоғамдық қабылдаулар өтетін болады. Бұл жоба халыққа не береді?
1) Жергілікті халық еш кедергісіз бірінші басшылыққа мұң мұқтажын
айта алады.
2) Әр айдың 3-ші жұмасында комплекстік қызмет ала алады.
3) Ай-сайынғы мұндай тұрақты кездесулер әкімдікті расындада қоғам
үшін ашық етеді.
4) Мемлекеттік орган жұмысына қоғамдық бақылау орнатылады.