ТҮРКІСТАН: Қоғамдық көліктердің қызмет көрсету сапасы артып келеді

0
702

Жолаушылардың 50 пайызы электронды төлем жүйесін қолданған.


ТҮРКІСТАН: Қоғамдық көліктердің қызмет көрсету сапасы артып келеді

Түркістанда қоғамдық көліктердің қызмет көрсету сапасы артуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласында қоғамдық көліктерде өткен жылдың сәуір айынан бастап электронды билеттеу жүйесі енгізілген болатын. «AlemPay» ЖШС тарапынан қоғамдық көліктердегі төлем жүйесі 91 қоғамдық көлікке орнатылды. Жыл басынан бері тасымалданған жолаушылардың 50 пайызы (3,5 миллион рет) электронды төлем жүйесін қолданған.


Жол жүру ақысын төлеудің электрондық жүйесіне көшу – жолаушылар тасымалы қызметін жақсартуға, жолаушылар ағынын дәл анықтауға мүмкіндік береді.


Жалпы, Түркістан қаласында 230-ға жуық қоғамдық көлік бар. Олар 24 бағытта тұрақты түрде қатынайды. Қазіргі таңда қала тұрғындарын діттеген жеріне жеткізу үшін екі мекеме қызмет көрсетеді. Олар: «Жолаушы» ЖШС және «ТехПрофАвто» ЖШС. Келер жылы қоғамдық көліктер санын көбейту, қоғамдық көліктерді жаңарту және барлық қоғамдық көлікке электронды билеттеу жүйесін орнату жоспарлануда.