Қоныс той иелері аудан әкімі Ұласбек Сәдібековтің қолынан баспана сертификатын алды.
Түркістан облысы, Сайрам ауданы әкімдігі тарапынан ҚР Тәуелсіздігі күніне орай, мұқтаж ретінде бірінші кезекте тұрған 10 отбасыға баспана кілттері табысталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қоныс той иелері аудан әкімі Ұласбек Сәдібековтің қолынан баспана сертификатын алды.
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын аясында Сайрам ауданындағы көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджет есебінен 252 млн теңге қаржы бөлінген болатын. Бұл қаражатқа 30 баспана алу жоспарланған.
Қазіргі таңда санитариялық - эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сәйкес келетін 26 тұрғын жай сатып алынды. Тағы 4 үй аталған талапқа сәйкестігі анықталуда.
Жоспарға сәйкес, 30 баспана аудандағы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж ретінде тіркелген көпбалалы отбасыларға беріледі.
Айта кетейік, бүгінгі таңда аудан аумағындағы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж ретінде 370 көпбалалы отбасы тіркелген.