ТҮРКІСТАН: Кореялық инвесторлармен көшелерді жарықтандыру жобалары талқыланды

0
151

Кездесу қорытындысында тараптар ұсыныстарды пысықтап, зерделеп, бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.


ТҮРКІСТАН: Кореялық инвесторлармен көшелерді жарықтандыру жобалары талқыланды

Түркістан қаласында «Bereke Fest» республикалық акциясы өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек Оңтүстік Кореядан келген инвесторлармен кездесті. Басқосуда өңірде «Ақылды көше жарықтандыру жүйесі» жобасын іске асыру, күн энергиясымен жұмыс істейтін жарықшамдар өндірісін жолға қою және жасанды интеллект негізіндегі «ақылды қала» технологияларын енгізу мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында Қанат Қайыпбек Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестік жыл сайын нығайып келе жатқанын атап өтіп, Түркістан облысы халықаралық инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән беретінін жеткізді.

– Корея Республикасы – Қазақстанның маңызды стратегиялық серіктестерінің бірі. Екі ел арасындағы өзара сенім мен достыққа негізделген қарым-қатынас өңірлік деңгейде де табысты жалғасып келеді. 2024 жылы Түркістан облысы делегациясының Корея Республикасына сапары аясында өткен бизнес-семинар іскерлік байланыстарды нығайтуға серпін берді. Сондай-ақ Қазақстанға Корея Республикасы Президентінің мемлекеттік сапары кезінде Түркістан облысының әкімдігі мен Корея халықаралық сауда қауымдастығы (KITA) арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл – инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге жол ашқан маңызды қадам, – деген Қанат Қайыпбек өңірде кореялық серіктестермен бірлескен бірқатар жобалар табысты жүзеге асып жатқанын айтты. Атап айтқанда, Түркістан қаласында Кореядағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Woosong университетінің филиалы ашылды. Сонымен қатар Doosan Enerbility компаниясымен қуаттылығы 926 МВт болатын бу-газ электр стансасын салу жобасы іске асырылуда.

Қонақтарға Түркістан облысының инвестициялық әлеуетіне де таныстырылды. Бүгінде жалпы аумағы 3603 гектарды құрайтын 21 индустриялық аймақ пен «Turan» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істейді.

Кездесу барысында кореялық инвесторлар Түркістан облысында күн энергиясымен жұмыс істейтін көше жарықшамдарын өндіру, оларды маңызды жолдар мен көшелерге орнату және жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану арқылы «ақылды қала» жүйесін дамытуға қатысты жобаларын таныстырды.

Кездесу қорытындысында тараптар ұсыныстарды пысықтап, зерделеп, бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

Бөлісу