58 шақырым газ құбыры тартылды.
Сайрамдағы Құтарыс ауылының тұрғындары табиғи газбен қамтылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Құтарыс ауылдық округіне қарасты Құтарыс ауылы мемлекеттік табиғи газ жүйесіне қосылды. Аталған маңызды шараға Сайрам ауданының әкімі Мадияр Оразалиев қатысты.
Жоба аясында жалпы ұзындығы 58 шақырымды құрайтын газ құбыры тартылып, нәтижесінде 549 тұрғын үй табиғи газбен қамтылды.
Сонымен қатар Құтарыс ауылдық округіне қарасты Ақарыс, Қызылжар және Оймауыт ауылдарында газдандыру құрылысы толық аяқталып, тұрғын үйлерді газға қосу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.


