Тәртіп сақшылары, әскерилер мен бейбіт тұрғындарды еске алып, аза тұтты.
Түркістан облысында елдегі лаңкестік оқиғалардан қаза тапқандардың рухына құран бағышталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде болған қайғылы оқиғалардың салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты 2022 жылдың 10 қаңтарын Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Осы орайда Түркістан жұртшылығы да қиын кезеңде шейіт болған тәртіп сақшылары, әскерилер мен бейбіт тұрғындарды еске алып, аза тұтты.
Түркістан облысындағы мешіттерде де құрбандар еске алынып, дүрбелең кезінде қаза тапқан Отан қорғаушылар мен полиция қызметкерлерінің, қапияда оққа ұшқан бейбіт тұрғындардың рухына құран бағышталды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысы бойынша өкіл имамы Еркебұлан Қарақұлов мемлекетіміздегі қиын жағдайдан бірлік пен сабырдың арқасында шыға алатынымызды айтып, ел үшін шейіт болған батырлардың есімі ел есінде қалатынын жеткізді.