ТҮРКІСТАН: Леңгірдегі көпқабатты тұрғын үйлер кәріз жүйесіне қосылады

0
817

Нысан құрылысы 2024 жылға өтпелі.


ТҮРКІСТАН: Леңгірдегі көпқабатты тұрғын үйлер кәріз жүйесіне қосылады

Леңгірдегі көпқабатты тұрғын үйлер кәріз жүйесіне толық қосылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби ауданы, Ленгір қаласында №3 кәріз тазалау нысанының құрылысы жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстары 2022 жылы басталған. Жоба құны 2,6 млрд. теңгені құрайды. Нысан құрылысы 2024 жылға өтпелі.


Қазіргі таңда 3,8 шақырым траншея қазылып, диаметрі 280 мм құбыр тартылып, нысан басына 4,6 шақырым құбыр жеткізілді.


Жаңа кәріз жүйесіне І мөлтек аудан аумағындағы барлық көпқабатты тұрғын үйлер, коммерциялық нысандар, қызмет көрсету орталықтары қосылып, мәселе түбегейлі шешімін табады деп күтілуде. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін тазаланған шайынды суды кәріз орналасқан 7 мың текше метрді құрайтын екі фильтрлік алаңға жинақтап, шыққан суды егістік алқаптарына жіберу жоспарлануда.