Көшеде ойнап жүрген балалар белгісіз бағытқа кетіп қалған.
үркістан облысының полицейлері ізін суытпай жоғалған екі жасөспірімді тапты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Мақтарал АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын өзінің кәмелетке толмаған екі баласын жоғалтып алғаны жөнінде хабарлайды.
Балалардың анасы, кешкі уақытта үйінің жанында, яғни Атакент кенті көшелерінің бірінде ойнап жүрген балалары белгісіз бағытқа кетіп қалғанын көрсетті.
Бұл жайтты полицейлер полиция бөлімінде тіркеп, жоғалып кеткен жасөспірімдерді іздестіруге кірісті.
Тәртіп сақшылары барлық көшелер мен аулаларды мұқият қарап шығып, куәгерлер мен өтіп бара жатқан адамдардан жауап алып, жақын маңдағы полиция бекеттеріне бағыт-бағдар берді.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, біинеше сағат ішінде полиция қызметкерлері жоғалып кеткен ұлдарды келесі көшеден, үйден 500 метр қашықтықтан анықтады. Тәртіп сақшылары табылған жасөспірімдерді үйлеріне қайтарып, оларды анасына тапсырды.
Өз кезегінде, жасөспірімдердің анасы Мақтарал АПБ-нің қызметкерлеріне жеделділігі мен жоғалған балаларды іздестіруде көмек көрсеткені үшін шын жүректен алғысын білдірді.
Түркістан облысының полицейлері ата-аналарға қырағы болуды және балаларын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді.