ТҮРКІСТАН: Мақтаарал ауданының әкімі жергілікті кәсіпкерлермен кездесті

0
1 434

Өткен кездесуде ауыл шаруашылығын дамытудың 7 бағыты бойынша оны іске асыру туралы кеңінен баяндама жасалды.


ТҮРКІСТАН: Мақтаарал ауданының әкімі жергілікті кәсіпкерлермен кездесті

Мақтаарал ауданы әкімінің аппаратында аудан әкімі Бақыт Асановтың төрағалығымен жергілікті кәсіпкерлермен кездесу жиыны өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Алқалы жиынға аудан әкімінің орынбасары С.Сұлтанханов, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басмшысы У.Мырзамданов, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Қ.Әбдірахманов, "АТФ Банк" АҚ-ның Мақтаарал ауданындағы филиалының менеджері Б.Абдыхалыков, "Аграрлық несие" корпорациясының кредиттік менеджері Ғ.Жусипов, АИО "RIC ON" және "Ырыс" МКҰ-ның жергілікті менеджерлері А.Рыскулов пен А.Амангелдиев, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының Мақтаарал аудандық филиалының менеджері С.Баяз, "КазАгроПроект" ЖШС-гі менеджері Б.Жанаев және 30-дан аса жергілікті кәсіпкерлер қатысты.

Аудан әкімінің орынбасары С.Сұлтанханов облыс әкімі Ө.Шөкеевтың ауыл шаруашылығын дамытудың 7 бағыты бойынша іске асырылуы жоспарланған жобалар мен жоба иелері туралы кеңінен баяндама жасады. Сондай-ақ, "Қарапайым экономикалық заттар" бағыттары бойынша жұмыс атқарып жатқан қаржы институттары мен ЕДБ туралы жергілікті кәсіпкерлерге кеңінен мәлімет берді.

Жиын барысында сөз алған "КазАгроПроект" ЖШС-нің өкілі Б.Жанаев қаржы институттар мен ЕДБ тарапынан беріліп жатқан несиелердің шарттары мен сатып алынатын ірі қара малдардың Мақтаарал ауданының табиғатына бейімділігі жөнінде кеңес берді. Б.Жанаев несие рәсімдеу бойынша жинақталатын құжаттарға сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуге қолдау көрсетуге және көрсетілетін қызметтер ақылы түрде жүргізілетіндігін тілге тиек етті.

Мәжілісте "Атамекен" кәсіпкерлік палатасы тарапынан сүйемелдеу қызметтері тегін көрсетілетіндігі айтылды. АИО "RIC ON" және "Ырыс" МҚҰ-ның менеджерлері тарапынан несие рәсімдеудің шарттары мен түрлері туралы баяндалды.

Жиын соңында аудан басшысы Бақыт Насырханұлы сала басшыларынеа несие алуға ниет білдірген азаматтардың құжаттары бойынша анықталған кемшіліктірді толықтыру үшін тиісті шараларды орындауды тапсырды. Сондай-ақ, "КазАгроПроект" ЖШС-гі және "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының Мақтаарал аудандық филиалы арқылы жоба иелерінің құжаттарын сүйемелдеу жұмыстарын сапалы жүргізуді ұйымдастыру керектігін айтты.