Инвестицияның жалпы көлемі 4,5 миллиард теңгені құрап, 233%-ға артты.
Мақтаарал ауданында 2021 жылдың 9 айында жалпы ішкі өнім көлемі көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 105,9%-ға артқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Мақтаарал ауданында 2021 жылдың 9 айында жалпы ішкі өнім көлемі көлемі 57,3 миллиард теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 105,9%-ға артқан. Бұл туралы аудан әкімі Б.Асанов Түркістан өңірлік коммуникациялар қызметінде өткенкен брифингте мәлімдеді.
Негізгі капиталға салынған инвестицияның жалпы көлемі 4,5 миллиард теңгені құрап, 233%-ға артты. Өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі де 655,8 миллион теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5552%-ға немесе 55,5 есеге артып, облыста 2 орынға жайғасты. Ал, өнеркәсіп өнімінің жапы көлемі 11,1 миллиард теңгені құраса, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемі 9,1 миллиард теңгеге жеткен. Сонымен қатар, бөлшек сауданың көлемі 3 миллиард теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 100,5%-ға артқан.
Ауданда 10523 кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Оның ішінде 537 заңды тұлғалар, 2035 жеке тұлғалар, 7951 шаруа қожалықтары бар. Кәсіпкерлер 9 айда түрлі микро несие ұйымдарынан 354,6 миллион теңге несие алған.
Шағын және микробизнес ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық даму бағытында маңызды рөл атқарады. Яғни, тұрғындарды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп, жұмыссыздық деңгейін төмендетеді. Кәсіпкерлік саласын ары қарай дамыту мақсатында 1215-тен астам азаматтарға кеңес, 105-тен аса сервистік қызметтер мен заңгерлік қолдаулар көрсетілді. Одан бөлек, «Бастау бизнес» бағдарламасы аясында 343 азамат оқуға тіркеліп, 340 тыңдаушы оқығаны туралы сертификатқа ие болды.