ТҮРКІСТАН: Мақтааралда ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 65 млрд. теңгеден асқан

0
825

Кәсіпкерлік субъектілерінің саны 10 мыңнан асады.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралда ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 65 млрд. теңгеден асқан

Мақтаарал ауданында жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі бойынша облыста 2 орынға ие болған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асановтың айтуынша, 2021 жылы Мақтаарал ауданында жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 65 млрд. теңгеден асқан. Оның ішінде, өсімдік шаруашылығы өнімі 50 млрд. теңгеден асса, мал шаруашылығы – 14 млрд. теңге. Нәтижесінде, нақты көлем индексі бойынша облыс көлемінде аудан 2 орынға ие болған. Аудан бойынша 93 мың тоннаға жуық мақта жиналып, орташа өнімділік 26,5 центнерді құрады.


Ауданда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 10 мыңнан асады. Былтыр шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен 41,3 млрд. теңге өнім шығарылса, өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі 358 пайызға орындалды. Үш инвестициялық жоба іске қосылып, құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 10 млрд. теңгеге жуықтаған. 65 мың шаршы метр тұрғын үй берілген.


Сондай-ақ, облыс әкімінің «Қамқорлық» бағдарламасы аясында өмірлік қиын жағдайға тап болған 36 отбасының тізімі белгіленіп, 5,4 млн. теңгенің көмегі көрсетілген. Жүйелі көмек арқылы 15 отбасы кедейшілік шегінен шығып, жағдайлары жақсарған.