ТҮРКІСТАН: Мақтааралдағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды

0
437

Егер мерзімнен кешігу немесе құрылыс сапасы төмен болған жағдайда айыппұл салынатыны ескертілді.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралдағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды

Мақтааралдағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланып, аймақтың мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту, халықты әлеуметтік жұмыспен қамту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл мәселе өңір басшысы Дархан Сатыбалдының тұрақты бақылауында.


Бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен барып, ауданда жүргізіліп жатқан маңызды нысандардың құрылыс барысымен танысты. Мердігерлер, бас жобалаушылар, техникалық қадағалаушылар, жауапты басқарма өкілдеріне құрылыс кестесінен кешікпеу, жұмысшы күшін екі есе көбейту, құрылыс сапасына аса мән беруді тапсырды. Егер мерзімнен кешігу немесе құрылыс сапасы төмен болған жағдайда айыппұл салынатыны ескертілді.


Алдымен аудандық білім бөліміне қарасты «Толағай» лагеріне барды. Жазғы сауықтыру лагері биылғы 3 маусымда жұмысын бастаған. Қазіргі таңда мұнда ауысымдағы 200 оқушы демалуда. Жалпы жаз айларында 1660 бала демалады деп жоспарланған. Бес мезгіл тамақ беріледі. Қолөнер, сурет салу, футбол алаңы, шахмат, дойбы сынды үйірмелер мен бассейн бар. Сонымен қатар салқындатқыш кондиционерлер мен бейнебақылау камералары орнатылған.


А.Қалыбеков ауылдық округі, Төрткөл елді мекеніндегі фельдшерлік акушерлік пунктінің құрылысы да тексерілді. Былтыр қыркүйек айында басталған құрылыстың бас мердігері – «Нүрі-Л-Жетысай» ЖШС. Ал Бірлік ауылдық округі, Алғабас елді мекеніндегі мәдениет үйдің күрделі жөндеу жұмыстары биыл наурыз айында басталған. Ғимараттың жалпы ауданы 1835,3 шаршы метр, жер телімінің ауданы – 0,45014 га. Бас мердігер – «Allians & Arena» ЖШС.


Облыс әкімінің орынбасары Атакент кентіндегі Қ.Сәтбаев атындағы №6 жалпы білім беретін мектебіне барып, сонда жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен де танысты. Типтік үлгідегі мектеп 1986 жылы пайдалануға берілген. 570 орынға арналған білім ошағында мыңға жуық оқушы білім алады. Бас жобалаушы – «Вибo-строй» ЖШС. Биыл маусым айында басталған құрылыс бір жылға жоспарланған. Келер жылы тамыз айында тапсырылмақ. Мектептің қабырғалары плитадан қаланған үш қабатты негізгі 3 блоктан тұрады. «Construction Group SAMRUK» ЖШС тарапынан күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда мектептің Б, В, Г блоктарының бұзу және бөлшектеу жұмыстары аяқталды. Әрі қарай ішкі сылақ жұмыстары, шатырды орнату, терезелерді дайындау, электр сымдарын орнату жалғасуда.